Халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасуға бағытталған «Қазақ тілін меңгертудің тиімді жолдары» атты онлайн біліктілікті арттыру курсы жалғасып жатыр.
Курстың екінші күні спикер ретінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілін оқыту әдістемесінің тәжірибелі маманы Гүлбағиза Мұсаева қатысты. Гүлбағиза Әбіласымқызының қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бағытында жинақтаған тәжірибесі негізінде 60-қа жуық ғылыми-әдістемелік мақалаcы, 10-нан аса оқу құралы, 4 оқу бағдарламаcы, 3 әдістемелік нұсқауы, 1 тілашар-сөздік және 1 монографиясы жарыққа шыққан.
Спикер өз баяндамасында қазақ тілін оқытудың кезеңдік жүйесі, бағдарламадан еркін сөйлеуге дейінгі үдерістерді түсіндіріп, тіл оқытудың өзекті мәселелеріне тоқталды.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, тіл үйрету бағытындағы сұрақтарын қойды.