Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайы өткізілді

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайы өткізілді

2026 жылғы 10 қарашада Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х мерейтойлық құрылтайы өтті. 

Іс-шараны Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

Құрылтайға министрлер мен ҚР Құрылтайы депутаттары, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайшылары, Орталық кеңес мүшелері, қор демеушілері, өңірлердегі филиалдар төрағалары мен өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, сондай-ақ қазақ тілін еркін меңгерген өзге этнос өкілдері қатысты.

Жиын барысында Президент мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы мен даму келешегіне тоқталып, қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі қолданыс аясын кеңейту, ұлттық рухани мұраны сақтау және ана тіліміздің жаңа технологиялар дәуіріндегі әлеуетін арттыру мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын қалыптастыру, әдеби және ғылыми мұраларды цифрландыру, қазақ тілі орфографиясының ғылыми негіздерін жетілдіру және тілдің халықаралық байланыстарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Шара соңында еліміздің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттар табысталды. 

                                                                                                               Фото дереккөзі: akorda.kz

                                                                               Суреттер Ақорданың ресми сайтынан алынды 

Бөлісу