10 ТАМЫЗ – АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

10 ТАМЫЗ – АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ

Бүгін – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Абайдың асыл мұрасы – ұрпаққа өнеге, халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері әрдайым білімге, еңбекке, адамгершілікке үндейді.

«Ғылым таппай мақтанба,                                                                                                                                                                                             

Орын таппай баптанба…» 

Бұл ұлы сөздер бүгінгі ұрпақ үшін де өзекті. Себебі Абай армандаған кемелдік – білімді болу, еңбек ету, елге қызмет ету және адамдық қасиетті биік ұстау. Абай Құнанбайұлы – ұлт руханиятының темірқазығы. Оның шығармаларын оқу — өткенді тану ғана емес, болашаққа бағыт алу.

Ұлы ойшылдың тағылымды мұрасы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақ елінің темірқазығы бола берсін!

Бөлісу